Алматы халқының 45 пайызы - жастар

Алматы халқының 45 пайызы - жастар

Алматы халқының 45 пайызы - жастар
ашық дереккөзі
312
Алматыда қала жастарын қолдау үшін Жол картасы жобасы жасалып, бұрынғы трамвай паркінің аумағында жастардың лофт-орталығы ашылмақ, деп хабарлайды қалалық әкімдіктің баспасөз қызметі. Бүгінгі күні Алматыда жасы 14-35 аралығындағы жастардың саны 800 мың адам, ол мегаполис тұрғындарының 45%-ы. Қалалық әкімдіктің хабарлауынша, Жол картасының маңызды бөлігі - жастардың мәдени демалуын дамыту. «Осы мақсатта бұрынғы трамвай паркінің аумағында жастардың лофт-орталығы ашылатын болады. Мұнда жас алматылықтар өздерінің жобалары мен шығармашылық идеяларын іске асырады. Лофт-орталық базасында мемлекеттік тілді оқыту орталығы мен English club, шеберханалар, жастарға қызмет көрсететін орталықтар, коворкинг орталықтар, оқу залдары жұмыс істейді», - делінген хабарламада. Бағдарламада бұқаралық спортты дамытуға лайықты орын берілген. Бағдарлама аясында ірі спорт шаралары ұйымдастырылып, спорт алаңдары абаттандырылмақ. Жеңіл атлетикалық және веложолдар көбейіп, спорт залдары, Workоut-алаңдары жаңартылады. Сонымен қатар, бағдарламада жас отбасыларды тұрғын үймен қамтамасыз етуге қаржы бөлу механизмдері де қарастырылған. Жол картасы бойынша лофт-орталықтан өзге жастардың 4 бейімделу орталықтарын, мансап орталығын ашу жоспарланған. Қалалық әкімдіктің хабарлауынша, Жол картасын жүзеге асыруға 2- 6 млрд. теңге аралығында қаржы бөлінбек. «Жастарды қолдаудың жол картасы» қала үшін ерекше оқиға. Біз бұл жобаны түрлі алаңдарда, басқосуларда белсенді түрде талқылап, өз ұсыныстарымызды, қосымша толықтыруларды енгізетін боламыз, келесі айда жобаны мегаполис басшысы бекітеді деп ойлаймын. Мемлекет тарапынан жастарға деген мұндай қамқорлық тұрақты дамып келе жатқан қаламызды бұрынғыдан да тартымды әрі өмір сүруге жайлы етеді», - деді жастар ұйымдары комитетінің төрайымы Айсулу Ерниязова.    

Серіктес жаңалықтары