Ақтөбеде құс фабрикасы өртеніп кетті

/
Ақтөбеде құс фабрикасы өртеніп кетті
ТЖМ

Бүгін Ақтөбе қаласы Алматы ауданы Жарық тұрғын алабында орналасқан құс фабрикасының аумағында жұмыртқа сақтауға арналған бір қабатты қоймада өрт шықты, деп хабарлайды turkystan.kz.

Өрт болған кезде қоймада картон өнімдері болған, тауықтар мен жұмыртқалар болмаған. Өрт 600 шаршы метр аумақта сөндірілді. Қабылданған шаралардың нәтижесінде жапсарлас салныған қоймаға өрттің таралуына жол берілмеді.

Өртті сөндіру барысында ғимарат ішінен 2 газ баллон сыртқа шығарылып, ықтимал жарылыстың алды алынды.

Зардап шеккендер жоқ. Өрттің шығу себептері анықталуда.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары