Түркістанда 99 жастағы науқасқа күрделі ота жасалды

/
Түркістанда 99 жастағы науқасқа күрделі ота жасалды
Түркістан облыстық клиникалық ауруханасы

Түркістан облыстық клиникалық ауруханасының «Ортопедия» бөлімінде 99 жастағы науқасқа жабық көпжарқыншақты сол жақ сан сүйегінің төменгі үштен бір бөлігінің ығысуы мен сынуы диагнозымен шұғыл күрделі хирургиялық көмек көрсетілді, деп хабарлайды turkystan.kz

Түркістан облыстық клиникалық ауруханасының мәліметінше, аталған жарақат егде жастағы науқастар үшін аса қауіпті.

"Ол түрлі ауыр асқынуларға алып келуі мүмкін. Соған қарамастан, дәрігерлердің кәсіби біліктілігі, дұрыс таңдалған ем тактикасы және үйлесімді командалық жұмысының нәтижесінде ота сәтті өтті.

Мұндай жастағы науқастарға күрделі операцияны сәтті жасау – дәрігерлердің үлкен жауапкершілігі мен жоғары кәсібилігінің нақты көрінісі", - делінген хабарламада.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары