Алматы қаласының Медеу ауданында екі ойын-сауық орнының жұмысы тоқтатылды, деп хабарлайды turkystan.kz.
Аталған нысандар бойынша бұған дейін заң талаптарын бірнеше рет бұзу дерегі тіркелген. Атап айтқанда, тыныштықты бұзу, бұзақылық әрекеттер және әкімшілік құқық бұзушылықтар анықталған. Сонымен қатар тексеру іс-шаралары барысында улы заттардың заңсыз айналым белгілері анықталып, осы фактілер бойынша қылмыстық істер қозғалды.
Құқық бұзушылықтардың жүйелі сипатын ескере отырып және аудан прокуратурасының үйлестіруімен Медеу аудандық полиция басқармасы екі мекеменің қызметін тоқтату туралы шешім қабылдады.