Павлодарда іздеуде жүрген 15 қылмыскер ұсталды

/
Павлодарда іздеуде жүрген 15 қылмыскер ұсталды
Polisia.kz

Жыл басынан бері Павлодар облысының жедел қызметкерлері әртүрлі қылмыстарға қатысты тергеу органдарынан жасырынған қылмыскерлердің орнын анықтады, деп хабарлайды turkystan.kz.

«Олардың ішінде тонау, ұрлық, зорлық-зомбылық, жол-көлік оқиғалары, көлік ұрлығы және есірткі қылмыстары бойынша іздеуде жүргендер бар. Мысалы, жол-көлік оқиғасын жасап, туған елінде қаржыны жымқырғаны үшін іздеуде жүрген Тәжікстан Республикасының азаматы ұсталды», – деді облыстық полиция департаментiнің баспасөз қызметі.

Ұсталған адам уақытша ұстау изоляторына қамауға алынған. Полицейлер іздеу жариялаған Душанбедегі әріптестеріне хабар берген. 

Тәртіп сақшылары әділеттен қашып құтылу абырой бермейтінін ескертеді.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары