Шымкентте 8 жастағы баланың асқазанынан бір бума шаш алынды

/
Шымкентте 8 жастағы баланың асқазанынан бір бума шаш алынды
Шымкент қалалық балалар клиникалық ауруханасы

Шымкент қалалық балалар клиникалық ауруханасында 8 жастағы баланың асқазанынан бір бума шаш алынды, деп хабарлайды turkystan.kz.

Әжесінің айтуынша, бала соңғы күндері тамақтан бас тартқан. 7 тәулік бойы ішінің ауруып, тәбетінің болмауына және құсу белгілеріне шағымданған.

Дәрігерлер тексеру барысында іш қуысын пальпациялау кезінде асқазан тұсынан бөгде түзілісті анықтады. Жүргізілген инструменталды зерттеулер нәтижесінде асқазанда бөгде дененің бары белгілі болды.

Бала шұғыл түрде отаға алынып, хирургиялық араласу барысында асқазаннан ірі көлемді шаш жиынтығы алынды. Мұндай жағдай медицинада трихобезоар деп аталады. Бұл – асқазанда жиналған шаш массасы. Аталған сырқат салыстырмалы түрде сирек кездеседі және көбіне балаларда, жасөспірімдерде, сондай-ақ 30 жасқа дейінгі жас әйелдер арасында байқалады.

Қазір баланың жағдайы бірқалыпты, медициналық бақылауда.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары