Алдағы қысқы Олимпиада 2030 жылдың 1-17 ақпан аралығында Франция Альпілері аймағында (Франция) өтеді. Мұндай шешім 2024 жылдың 24 шілдесінде Франция астанасы Парижде өткен Халықаралық Олимпиада комитетінің 142-сессиясында белгілі болды.
Дүбірлі дода 2030 жылдың 1-17 ақпан аралығында Франция Альпілерінің Прованс-Альпі-Кот-д'Азур-Оверн-Рона-Альпі аймағында болады.
Жарыс бағдарламасына шайбалы хоккей, фристайл, сноуборд, бобслей, шана спорты, тау шаңғысы, тұғырдан секіру, биатлон, мәнерлеп сырғанау, шорт-трек, коньки спорты секілді көптеген спорт түрлері енгізілген.
Айта кетсек, 2026 жылғы қысқы Олимпиада 6-22 ақпан аралығында Италияның Милане-Кортина д’Ампеццо өңірінде өтіп жатыр. Оған әлемнің 90-нан астам елінен шамамен 2 900-3 500 спортшы қатысты. Байрақты бәсекеде 16 спорт түрі бойынша 116 медаль жиынтығы сарапқа салынды.
Қысқы Олимпиадада еліміздің атынан мәнерлеп сырғанау шебері Михаил Шайдоров чемпион атағын жеңіп алды. Нәтижесінда қазір қазақстандық спортшылар жалпы командалық есепте 1 алтын медальмен 19-орынға тұрақтап тұр.