Сот күзетшісін соққыға жыққан азамат бас бостандығынан айырылды

/
Сот күзетшісін соққыға жыққан азамат бас бостандығынан айырылды
istockphoto.com

Шымкент қаласының қылмыстық істер жөніндегі ауданаралық соты сотталушы Е-ге қатысты қылмыстық істі қарады, деп хабарлайды turkystan.kz.

Істің мән-жайы

Сотталушы 2025 жылғы 26 тамызда шамамен сағат 14:30-да Шымкент қаласы, Тыныбаев көшесі, №42 мекенжайында орналасқан Шымкент қаласының қылмыстық істер жөніндегі ауданаралық сотының ғимаратына таныстарымен бірге сот отырысына қатысу мақсатында келген.

Алайда, сот приставы оларға сот залына кіргізе алмайтынын түсіндірген. Осыған қарамай, куә М. мүгедектігі бар тұлғаларға арналған есіктің қақпасын ашқан. Сол сәтте сотталушы және оның таныстары рұқсатсыз әрі заңсыз түрде әкімшілік сот ғимаратына кірген.

Осы уақытта қызметтік міндетін атқарып жүрген билік өкілі - сот приставы, жәбірленуші Б. оларды тоқтатуға тырысқан. Алайда олар сот приставының заңды талаптарына бағынбай, сот мәжіліс залына кіру мақсатында жанжал барысында жәбірленушіге соққы жасаған. Кейін оны сот ғимаратынан күштеп сыртқа алып шығып, адамдар тобы болып дене жарақаттарын салған.

Осы кезде сотталушы Е. сот ғимаратынан бөлек шығып, соттың іргелес аумағымен келе жатып, таныстарының жәбірленушіні ұрып жатқанын көрген. Ол олардың жанына барып, жәбірленушінің арт жағынан жақындап, бетіне жұдырықпен соққы жасаған.

Жаза тағайындау кезінде сот кінәні мойындамағанын және бұрын сотты болғанын ескереді.

Сот, Е.-ні  ҚК-нің 380-бабы 4-бөлігінің 3) тармағы бойынша кінәлі деп танып, оған түпкілікті 3 жыл 6 ай мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы тағайындады.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары