Ауа-райына байланысты екі облыста көлік қозғалысына шектеу қойылды, деп хабарлайды turkystan.kz.
2026 жылғы 20 ақпан сағат 10:30-да ауа райының нашарлауына байланысты келесі республикалық автожолдарда барлық көлік түрлерінің қозғалысына уақытша шектеу енгізіледі:
Ақтөбе облысы
- «РФ шекарасы – Мәртөк – Ақтөбе – Қарабұтақ – Қызылорда – Шымкент – Тараз – Қордай – Алматы – Қорғас – ҚХР шекарасы» автожолының 965-1240 шақырым аралығы (Қарабұтақ ауылы – Қызылорда облысы шекарасы).
Қызылорда облысы
- «РФ шекарасы – Мәртөк – Ақтөбе – Қарабұтақ – Қызылорда – Шымкент – Тараз – Қордай – Алматы – Қорғас – ҚХР шекарасы» автожолының 1240-1362 шақырым аралығы (Ақтөбе облысы шекарасы – Арал қаласы).
Жолды 2026 жылғы 20 ақпан сағат 21:00-де ашу жоспарланған.
1403 байланыс орталығына хабарласып, тәулік бойы қосымша ақпарат алуға болады.