19 ақпанда республикалық маңызы бар Омбы – Майқапшағай автожолында жол-көлік оқиғасы болды, деп хабарлайды turkystan.kz.
Алдын ала мәлімет бойынша, трассаның 867-шақырымында, Салқын-Төбе ауылы маңында Lada Priora мен Chevrolet Cobalt автокөліктері бетпе-бет соқтығысқан.
ЖКО салдарынан төрт адам қаза тауып, тағы үшеуі түрлі дене жарақаттарын алған.
Аталған дерек бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды. Оқиғаның барлық мән-жайы анықталып жатыр.