Ауа-райына байланысты екі облыста көлік қозғалысы шектелді, деп хабарлайды turkystan.kz.
2026 жылғы 19 ақпан сағат 16:00-де ауа райының нашарлауына байланысты республикалық маңызы бар автожолдарда барлық көлік түрлерінің қозғалысына уақытша шектеу енгізілді:
Ұлытау облысы
- «Қызылорда — Жезқазған — Қарағанды — Шідерті» автожолының 216-424 шақырым аралығы (Қызылорда облысының шекарасы — Жезқазған қаласы).
Қызылорда облысы
- «Қызылорда — Жезқазған — Қарағанды — Шідерті» автожолының 12-216 шақырым аралығы (Қызылорда қаласы — Ұлытау облысының шекарасы).
Жолды 2026 жылғы 20 ақпан сағат 08:00-де ашу жоспарланған.
1403 байланыс орталығына хабарласып, тәулік бойы қосымша ақпарат алуға болады.