Петропавлда жоғалып кеткен зейнеткер үсіп өлген

/
Петропавлда жоғалып кеткен зейнеткер үсіп өлген
istockphoto.com

Петропавл қаласында 73 жастағы зейнеткер әйелдің мәйіті табылды. Ол үсіп қалған, деп хабарлайды turkystan.kz.

Таңертең үйінен шығып, із-түссіз жоғалған ол сол күні кешке айналма жол маңындағы кюветтен табылды.

Әжейдің жоғалғаны туралы туыстары хабарлаған. Кешке полиция қызметкерлері оны үйінен алыс, адам аяғы сирек басатын жерде өлі күйінде тапқан. Марқұмның денесі айналма жол бойындағы кюветте жатқан. Алдын ала болжам бойынша, зейнеткер әйел адасып кетіп, өзін байқап, құтқарып қалуы үшін жолға шығуға тырысқан болуы мүмкін.

Бұл – биылғы қыста тіркелген осындай екінші жағдай. Бір ай бұрын 76 жастағы зейнеткер әйел дәрігер қабылдауына кетіп, келесі күні өзі бара жатқан емхана маңындағы қар үйіндісінен табылған. Әйел жедел жәрдем көлігінде көз жұмған.

«Туыстары арыз берген кезде оның бұған дейін де үйден кетіп қалғанын, сондай-ақ есте сақтау қабілетінің бұзылуына байланысты ауруханада есепте тұрғанын айтқан. Әйелдің денесі айналма жол аумағынан табылды. Сараптама қорытындысына сәйкес, өлім себебі – ағзаның жалпы суыққа ұрынуы», – деп хабарлады полиция.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары