Павлодарда алимент төлемеген әкелерге қатысты 7 қылмыстық іс қозғалды

/
Павлодарда алимент төлемеген әкелерге қатысты 7 қылмыстық іс қозғалды
istockphoto.com

Павлодар облысында прокурорлар алимент төлемдеріне бақылауды күшейтіп жатыр, деп хабарлайды turkystan.kz.

Борышкерлерге нақты жауапкершілік шаралары қолданылады: елден шығуға шектеу қою, әкімшілік және қылмыстық жауапкершілікке тарту, цифрлық іздестіру. Бұл жұмыс қазірдің өзінде нәтижесін беруде.

Тек қаңтар айының өзінде Қылмыстық кодекстің 139-бабы бойынша алимент төлеуден жалтарған үш азамат сотталды.

Олардың бірі үш жыл бойы төлем жасаудан жалтарып, табысын жасырып, үш кәмелетке толмаған баласын асырауға 2,2 млн теңге қарыз жинаған.

Тағы бір жағдайда 4 млн теңгеден астам берешек бола тұра, борышкер жұмысқа орналасу мүмкіндігі болғанына қарамастан алты жылдан астам уақыт бойы алимент төлемеген.

Қазіргі уақытта сотқа дейінгі тергеп-тексеру органдарының өндірісінде тағы жеті қылмыстық іс бар.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары