ҚХЛ: «Барыс» магнитогорскілік «Металлургтен» жеңілді

/
ҚХЛ: «Барыс» магнитогорскілік «Металлургтен» жеңілді

Астаналық «Барыс» өз алаңында Магнитогорскінің «Металлург» командасымен Құрлықтық хоккей лигасы аясындағы матчта кездесті, деп хабарлайды turkystan.kz.

Ойын басталар алдында қазақстандық клуб Шығыс конференциясында оныншы орында тұрса, ресейлік ұжым чемпионаттың көшін бастап тұрған еді.

Бірінші кезеңде қонақтар минималды басымдықпен алға шықты, ал екінші кезеңде олар айырманы ұлғайтты. Дегенмен Тайс Томпсон есепті қысқартты. Барлығы шешуші соңғы жиырма минутта белгілі болды. Алаң иелері таразы басын теңестірді. Гол авторы – Райли Уолш. Ойын овертаймға ұласып, онда «Металлург» жеңіске жетті.

Айта кетейік, 20 ақпанда «Барыс» өз алаңында қытайлық «Шанхай Дрэгонс» командасын қабылдайды.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары