«Аялдамада ұсталды»: Астанада әйел адамның сөмкесінен 1 келі есірткі табылды

/
«Аялдамада ұсталды»: Астанада әйел адамның сөмкесінен 1 келі есірткі табылды
видеодан скриншот

Әйел есірткі заттарын сақтау күдігімен қолға түскен, деп хабарлайды turkystan.kz.

«Автобус аялдамаларының бірінде полиция қызметкерлері 40 жастағы қала тұрғынын ұстады. Жеке тінту барысында оның сөмкесінен скотчпен оралған, өзіне тән иісі бар сұр-жасыл түсті зат салынған ірі орам табылды. Сараптама оның гашиш екенін көрсетті, жалпы салмағы шамамен бір келіні құрады», — делінген хабарламада.

Tengrinews.kz мәліметінше, ұсталған әйелдің үйін тінту кезінде ас үйдегі пештің ішінен тағы бір орам табылған. Табылған заттардың барлығы тәркіленіп, қылмыстық іс қозғалды.

Полиция заңсыз есірткі айналымы фактілері туралы қандай да бір ақпарат болған жағдайда, дереу құқық қорғау органдарына хабарлауды сұрайды.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары