Екі облыста жол жабылды

/
Екі облыста жол жабылды
istockphoto.com

Ауа-райының бұзылуына байланысты Ақтөбе мен Қостанай облыстарында көлік қозғалысына шектеу қойылды, деп хабарлайды turkystan.kz.

2026 жылғы 17 ақпан сағат 10:30-да ауа райының бұзылуына байланысты келесі республикалық маңызы бар автожолдарда барлық көлік түрлерінің қозғалысына уақытша шектеу енгізілді:

 Ақтөбе облысы

 - «Қостанай – Рудный – Денисовка – Комсомольское – Қарабұтақ» автожолының 5-234 шақырым аралығы (Қарабұтық елді мекені – Қостанай облысының шекарасы).

Қостанай облысы

- «Қостанай – Рудный – Денисовка – Комсомольское – Қарабұтақ» автожолының 234-385 шақырым аралығы (Ақтөбе облысының шекарасы – Денисовка ауылы).

Жолды 2026 жылғы 17 ақпан сағат 15:00-де ашу жоспарланған.

1403 байланыс орталығына хабарласып, тәулік бойы қосымша ақпарат алуға болады. 

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары