Астана – Петропавл тасжолындағы апаттың мән-жайы белгілі болды

/
Астана – Петропавл тасжолындағы апаттың мән-жайы белгілі болды
видеодан скриншот

Астана – Петропавл тас жолында Lexus және Lada-21705 автокөліктері соқтығысқан жол апаты болды. Оқиға орнында түсірілген бейнежазба желіде тарады, деп хабарлайды turkystan.kz.

Ақмола облысы Полиция департаментінің баспасөз қызметі оқиғаға қатысты түсініктеме берді. Құқық қорғау органдарының мәліметінше, соқтығыс салдарынан Lada автокөлігінің жүргізушісі түрлі дене жарақатын алып, медициналық көмек көрсету үшін ауруханаға жеткізілген.

Зардап шеккен адамның жағдайы нақтылануда.

«Қазіргі уақытта болған оқиғаның мән-жайы анықталуда», – деп қысқаша мәлімдеді ведомство өкілдері.

Сондай-ақ полицейлер мұндай жол апаттарының алдын алу үшін, әсіресе көлік қозғалысы қарқынды учаскелерде жылдамдық режимін қатаң сақтау және автокөліктің техникалық жағдайын бақылау маңызды екенін ескертті.

 

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары