Алты облыста ауа-райы бұзылады

/
Алты облыста ауа-райы бұзылады
istockphoto.com

«ҚазАвтоЖол» АҚ республикалық автожолдардағы ауа-райы туралы мәлімет берді, деп хабарлайды turkystan.kz.

«2026 жылғы 16 ақпанда Ақмола, Алматы, Солтүстік Қазақстан, Қарағанды, Қостанай және Павлодар облыстарының кей жерлерінде қар мен боран күтілуде. Сол себепті жүргізушілерге жылдамдық режимі мен қауіпсіз арақашықтықты қатаң сақтап, жолдардағы ауа райының қолайсыздығын ескерулеріңізді сұраймыз», - делінген хабарламада.    

1403 байланыс орталығына хабарласып, тәулік бойы қосымша ақпарат алуға болады.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары