«5 метр биіктен құлаған»: Шымкентте дәрігерлер сирек кездесетін ота жасады

/
«5 метр биіктен құлаған»: Шымкентте дәрігерлер сирек кездесетін ота жасады
Шымкент қалалық №1 клиникалық аурухана

№1 қалалық клиникалық аурухананың дәрігерлері сегізкөз сүйегін қайта қалпына келтіру бойынша жоғары технологиялық отаны сәтті жүргізді. Бұл – елімізде сирек жасалатын, күрделі операция, деп хабарлайды turkystan.kz.

1981 жылы туған науқас 5 метр биіктіктен құлап, сегізкөз сүйегінің ауыр, екіге бөлінген сынығын алған. Мұндай жарақат аса қауіпті, себебі жүйке түбіршелерінің зақымдалуына, жамбас ағзалары қызметінің бұзылуына әкеліп, науқастың өмір бойы төсекке таңылып қалу қаупін тудырады.

Ота барысында дәрігерлер арнайы фиксациялық құрылғыларды қолдана отырып, сүйекті анатомиялық қалпына келтірді. Аталған әдіс қазақстандық дәрігерлердің ғылыми еңбегінің нәтижесінде әзірленіп, диссертациялық деңгейде зерттелген.

Травматолог дәрігерлер бригадасының кәсіби шеберлігінің арқасында операция сәтті өтті. Қазіргі таңда науқастың жағдайы жақсы, дәрігерлердің тұрақты бақылауында.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары