БҚО-да 11 айлық сәби ауруханада көз жұмды

/
БҚО-да 11 айлық сәби ауруханада көз жұмды
ашық дереккөз

Батыс Қазақстан облысында бір жасқа толмаған сәби ауыр халде көз жұмды, деп хабарлайды turkystan.kz.

Дереккөздердің хабарлауынша, балада қызылша инфекциясына тән кейбір клиникалық белгілер байқалған. Бірақ жүргізілген зертханалық зерттеулер нәтижесінде бұл диагноз расталмады.

БҚО Денсаулық сақтау басқармасының хабарлауынша, науқасқа қолданыстағы клиникалық хаттамаларға сәйкес барлық қажетті медициналық көмек көрсетілген. Соған қарамастан, дәрігерлер баланың өмірін сақтап қала алмады.

Қазіргі уақытта аталған жағдай бойынша тиісті талдау және тексеру жұмыстары жүргізіліп жатыр.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары