Семейде көпір астындағы мұз үстінен жігіттің мәйіті табылды

/
Семейде көпір астындағы мұз үстінен жігіттің мәйіті табылды
көрнекі сурет

Қайғылы оқиға туралы полицияға куәгерлер жеткізген, деп хабарлайды turkystan.kz.

Олар Ертіс өзенінің мұз үстінен адамның денесін көрген.

«Ертіс өзенінің мұзында, аспалы көпірдің астынан адамның мәйіті табылғаны туралы хабарлама түсті. Сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде», — деп мәлімдеді Абай облысы полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Қазіргі уақытта оқиғаның мән-жайын анықтау үшін тергеу әрекеттері жүргізіліп жатыр.

«Оқиғаның себептері, сондай-ақ қаза тапқан 23 жастағы азаматтың қандай да бір уәждері анықталуда», — деп нақтылады полиция департаменті.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары