БҚО тұрғыны киік мүйізін сақтағаны үшін сотталды

/
БҚО тұрғыны киік мүйізін сақтағаны үшін сотталды
Фото: Атырау облыстық полиция департаменті

Батыс Қазақстан облысы Тасқала аудандық сотында жергілікті тұрғынның киік мүйізін заңсыз иемденіп, сақтағаны үшін қылмыстық іс қаралып, үкім шығарылды.

БҚО сотының баспасөз қызметінен мәлім еткеніндей, 2025 жылдың күз мезгілінде Ж. деген тұрғын шаруа қожалығының қыстауының маңында шөп шауып жүріп, даладан киіктің бас сүйегін мүйізімен бірге тауып алған.

Содан кейін трактордың кабинасына салып, сол күні кешкісін қыстауға апарып, полиция қызметкерлері келіп, тінту жүргізіп тауып алғанға дейін, ешбір мақсатсыз шаруашылық сарайда сақтаған.

Сот отырысында айыпталушы өз кінәсін толық мойындап, жасаған әрекетіне өкінді.

- Үкім шығару кезінде сот оның кінәсін мойындауын және шын өкінуін, жеке басын, істің басқа да мән-жайларын ескере отырып, жазаның барлық мерзіміне пробациялық бақылау белгілеп, бір жылға бас бостандығынан шектеу жазасын тағайындады. Үкім заңды күшіне енді, - деп хабарлады ведомстводан.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары