Қазақстан жастар құрамасы шорт-тректен әлем чемпионатында үшінші орын иеленді

/
Қазақстан жастар құрамасы шорт-тректен әлем чемпионатында үшінші орын иеленді
ҰОК

Қазақстан жасөспірімдер құрамасы шорт-тректен Солт-Лейк-Сити қаласында (АҚШ) өтіп жатқан әлем чемпионатында медальға қол жеткізді.

ҚР ҰОК мәліметінше, Ұлттық құрама әйелдер арасындағы 3000 метрлік эстафетада қола жүлдеге ие болды.

А финалында Қазақстан құрамасының намысын Полина Омельчук, Нұрия Алпысбай, Гүлдана Жалмұхан және Анастасия Галечина қорғады.

Алтын жүлде Оңтүстік Корея спортшыларына бұйырса, Қытай құрамасы күміс медаль иеленді.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары