Алматыда мектеп оқушысына қатысты буллинг дерегі расталмады

/
Алматыда мектеп оқушысына қатысты буллинг дерегі расталмады
Polisia.kz

Алматы қаласындағы жекеменшік мектептердің бірінің кәмелетке толмаған оқушысына қатысты буллинг орын алды деген ақпарат бойынша Наурызбай аудандық полиция басқармасы қылмыстық іс қозғаған болатын, деп хабарлайды turkystan.kz Алматы қалалық полиция департаментіне сілтеме жасап.

Ведомствоның мәліметінше, тергеу барысында аталған деректер өз растауын таппаған, буллинг фактілері анықталмаған.

Осыған байланысты қылмыстық іс қылмыстық құқық бұзушылық құрамының болмауына орай тоқтатылды. Қабылданған шешім прокуратура органдарымен келісілген.

Полиция департаменті азаматтар мен бұқаралық ақпарат құралдарын, әсіресе кәмелетке толмағандарға қатысты, тексерілмеген ақпаратты таратудан бас тартуға және мәліметтерді тек ресми дереккөздерден алуға шақырды.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары