Әділет министрлігі көпшілікті жалған ақпарат таратпауға шақырды

/
Әділет министрлігі көпшілікті жалған ақпарат таратпауға шақырды
istockphoto

ҚР Әділет министрлігі әлеуметтік желілерде тараған ақпаратқа қатысты мәлімдеме жасады, деп хабарлайды turkystan.kz.

Соңғы уақытта әлеуметтік желілерде Қазақстан Республикасының Әділет министрі Ерлан Сәрсембаев еліміздің солтүстік өңірлеріне ерекше құқықтық мәртебе беруді ұсынды деген мазмұндағы ақпарат таралуда.

Осыған байланысты ҚР Әділет министрлігі аталған мәліметтің шындыққа сәйкес келмейтінін ресми түрде мәлімдеді.

Ведомство жалған ақпарат тарату Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қылмыстық жауапкершілікке әкеп соғуы мүмкін екенін ескертті.

Сондай-ақ министрлік азаматтар мен бұқаралық ақпарат құралдарын тек ресми дереккөздерге және тексерілген ақпаратқа ғана сүйенуге шақырды.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары