Қазнеттегі талқылау: Сүндет тойдағы жолбарыс жұртты шулатты (ВИДЕО)

/
Қазнеттегі талқылау: Сүндет тойдағы жолбарыс жұртты шулатты (ВИДЕО)

Қазнетте кішкентай қазақстандықтың сүндет тойынан түсірілген видео қызу талқыланып жатыр. Даудың тууына мерекеде жолбарыстың пайда болуы себеп болған, деп хабарлайды turkystan.kz.

Видеода баланы батыр бейнесіндегі әртістер көтеріп алып жүретін таққа отырғызып, салтанатты түрде алып келе жатқаны көрінеді. Шерудің алдында жолбарыс жүр — оның шебер жасалғаны соншалық, көп көрермен жануарды тірі деп ойлап қалған. Тек мұқият қарап шыққанда ғана оның костюм екені, оны әртістердің бірі басқарып тұрғаны байқалады.

Дегенмен пікірлерде қатаң сын өршіген.

Жолбарысты тірі деп қабылдаған қолданушылар ұйымдастырушыларды жануарға қатыгездік көрсетті деп айыптап, тіпті арық көрінген «жыртқышты тамақтандыруға» шақырған.
 

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары