Петропавлда пойыз астына құлаған ер адам мерт болды

/
Петропавлда пойыз астына құлаған ер адам мерт болды

Қайғылы оқиға 27 қаңтар күні кешке Петропавл қаласында болған. Жүріп келе жатқан пойыздың астына ер адам түсіп қалып, алған жарақаттарынан оқиға орнында қаза тапты, деп хабарлайды turkystan.kz.

Ер адам өмірге қауіпті, көптеген ауыр жарақат алған. Оқиға орнына жеткен жедел жәрдем бригадасы тек өлім фактісін тіркеген.

Осы факті бойынша Петропавл станциясындағы желілік полиция бөлімі ҚР ҚК-нің «Теміржол көлігі қозғалысы қауіпсіздігі немесе оны пайдалану қағидаларын бұзу, абайсызда адам өліміне әкеп соғу» бабымен қылмыстық іс қозғады.

«Қазіргі уақытта іс бойынша қажетті тергеу әрекеттері жүргізіліп жатыр», – деп мәлімдеді ведомствода.

ҚР ҚПК-нің 201-бабына сәйкес, өзге ақпарат жария етілмейді.
 

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары