Шаңғышы Александра Скороходова Италиядағы турнирде күміс жүлде жеңіп алды

/
Шаңғышы Александра Скороходова Италиядағы турнирде күміс жүлде жеңіп алды
Оlympic.kz

Тау шаңғысынан Қазақстан құрамасының өкілі Александра Скороходова Италияның Поцца-ди-Фасса қаласында өткен Ашық Италия чемпионатында екінші орын алды, деп хабарлайды turkystan.kz.

Қазақстандық спортшы слалом жарысында күміс медальға ие болды.

Бірінші орынды италиялық Франческа Фанти жеңіп алса, үшінші орынға Валентина Филл (Италия) тұрақтады.

Айта кетейік, бұған дейін Александра Скороходова FIS турнирінде алтын медаль жеңіп алған болатын.

Александра Скороходова 2026 жылғы Олимпиада ойындарында Қазақстан атынан өнер көрсетеді.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары