Аustralian Open-2026: Елена Рыбакина ширек финалға өтті

/
Аustralian Open-2026: Елена Рыбакина ширек финалға өтті
Фото: ҚТФ

Аустралия ашық біріншілігіндегі (теннис) жетінші ойын күні Қазақстан өкілдері үшін сәтті өтті. Әлемнің бесінші ракеткасы Елена Рыбакина кезекті жеңіске жетті, деп хабарлайды turkystan.kz.

Еліміздің үздік теннисшісі Аустралия чемпионатының үшінші кезеңінде чех спортшысы Тереза Валентовуды 6:2, 6:3 есебімен ұтты.

Елена бұл жеңіске 1 сағат 22 минутта қол жеткізді.

Енді AusOpen-2026 турнирінің ширек финалына шығу үшін Рыбакина бельгиялық Элиза Мертенспен кездеседі. Бұл турнирде оның 21-нөмірлі егуі бар.

24 қаңтар күні жанкүйерлерін жас талант Зангар Нұрланұлы да қуантты. 17 жастағы теннисші Мельбурндегі юниорлар турнирінің алғашқы матчында тайландтық Кунанан Пантараторнды бір сағат ішінде 6:2, 6:1 есебімен жеңді.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары