Бұрын «Спортинг», «Манчестер Юнайтед», «Валенсия» клубтарында және Португалия ұлттық құрамасында өнер көрсеткен атақты футболшы Луиш Нани бүгін таңертең Ақтөбеге ұшып келді, деп хабарлайды turkystan.kz.
Мәліметке сүйенсек, титулды ойыншы жергілікті «Ақтөбе» клубымен бір жылдық келісімшартқа қол қоюы мүмкін.
Сондай-ақ ол клубта халықаралық ілгерілету бойынша ойнайтын менеджер қызметін атқарады деп күтілуде.
Ай сайынғы жалақысы Қазақстан Премьер-лигасындағы рекордтық көрсеткіш — 70 мың АҚШ доллары (жылына 840 мың доллар) болуы ықтимал.
Әлеуметтік желіде Нанидің Ақтөбе әуежайында қарсы алынған сәтінен видео тарады.
Кадрлардан Англия Премьер-лигасының төрт дүркін чемпионы және Еуропа чемпионын дәстүрлі қазақ тағамдары — қымыз бен бауырсақпен құрметпен қарсы алғанын көруге болады.
Сондай-ақ 35 жастағы нигериялық жартылай қорғаушы Виктор Мозес Қызылорда қаласына ұшып келді.
Футболшының қалаға келген сәтінен видеоны клубтың баспасөз қызметі Instagram әлеуметтік желісінде жариялады. Мәліметке сәйкес, жақын арада Мозес жергілікті «Қайсар» клубына ауысуын толық аяқтап, команданың жаңа ойыншысы ретінде ресми түрде таныстырылады деп күтілуде.
Футболшының өзі де жанкүйерлерге қысқа үндеу жолдады.
«Сәлем, жігіттер, бұл — Виктор Мозес. Мұнда болғаныма қуаныштымын және ойын бастауға асығып жүрмін. Алға, „Қайсар“!» — деді ол.