ЕҚЫҰ: Түркиядағы референдумда дауыс берушілер құқығы бұзылған

ЕҚЫҰ: Түркиядағы референдумда дауыс берушілер құқығы бұзылған

ЕҚЫҰ: Түркиядағы референдумда дауыс берушілер құқығы бұзылған
ашық дереккөзі
Халықаралық сайлау бақылаушылары Түркиядағы президент билігін күшейткен референдумды сынға алды. Олар дауыс беру және санау процедурасы бұзылған деп есептейді. Бұл туралы Орталық Азияның жаңалықтар қызметі хабарлады.   ЕҚЫҰ мен Еуропа кеңесінің парламент ассамблеясы (ЕКПА) сәуірдің 17сінде бірлескен мәлімдеме жасап, референдум өткізуге себеп болған заңдық негіздеме "шынайы демократиялық референдум өткізуге лайықты болмағанын" айтты. Түркияның Орталық сайлау комиссиясы сәуірдің 16-сы кешкісін "Иә" деп сайлауға қатысқандардың 51.3 пайызы дауыс бергенін жариялаған. "Иә" немесе "Жоқ" деп жауап беретін дауыс беру науқаны кезінде конституцияға 18 өзгеріс енгізу мәселесі алға шықты. Ресми нәтижеге сәйкес жеңіске жеткен президент Тайып Ердоған президенттік республика құрып, елді 2029 жылға дейін басқара алады. ЕҚЫҰ-ның Демократиялық институттар мен адам құқықтары кеңсесінің басшысы Тана де Зулуета сәуірдің 17-сінде Түркиядағы референдум халықаралық стандарттарға сай өтпегенін мәлімдеді. Ол ЕҚЫҰ стандарт деп таныған "сайлау науқаны кезіндегі еркіндік пен теңдік" принциптеріне қатысты міндеттемелеріне Түркия қарама-қайшы әрекет етті деп санайды. Зулуета елдің оңтүстік-шығыс аудандарындағы бірқатар күрд тұрғындар дәл референдум кезінде басталған қауіпсіздік операцияларының кесірінен үйлерін тастай қашуға мәжбүр болғандарын, дауыс бере алмағандарын айтты. ЕҚЫҰ өкілі сайлауалды науқанына президент пен жоғары лауазымды бірнеше тұлғаның ашық араласып кеткеніне назар аудартты. Зулуета кейбір Түркия басшыларының "Жоқ" деп дауыс бергісі келетіндерді терроризмді жақтаушыларға теңегенін атап өтті. ЕКПА-ның бақылаушылар делегациясын бастап барған Цезар Флорин Преда сәуірдің 17-сінде Анкарада сөйлеген сөзінде дауыс беруші екі тараптың мүмкіндігі тең болмағанын айтты.