Жамбылда қызылордалық 22 бала жаппай уланды: басқарма ақпаратты жоққа шығарды

/
Жамбылда қызылордалық 22 бала жаппай уланды: басқарма ақпаратты жоққа шығарды
istockphoto

Қызылордадан Жамбыл облысына оқу-жаттығу жиынына қатысу үшін барған 22 баланың жаппай улануы туралы деректі Қызылорда облыстық спорт және туризм басқармасы жоққа шығарды. Бұл туралы kazinform хабарлайды.

Басылымның ведомствоға сілтеме жасап хабарлауынша, 15 қаңтарда Тараз қаласының Меркі ауданындағы "Тұран" демалыс аймағында грек-рим күресінен бірнеше облыстың құрама командалары кадеттер мен жасөспірімдер арасындағы ел чемпионатына дайындыққа кіріскен. Оқу-жаттығу жиыны осы мақсатта жүргізілген.

"Жиын барысында, яғни 21 қаңтар күні облыс құрамасындағы 3 баланың дене қызуы көтеріліп, іші қатып, аудандық ауруханаға жеткізілген. Осы жағдайға байланысты жаттықтырушылар қалған 19 баланы қосымша медициналық тексерістен өткізген. Тексеріс барысында спортшылардан ешқандай ауру белгілері анықталған жоқ. Спортшылар 29 қаңтар күні жаттығу жиыны аяқталған соң грек-рим күресінен ел біріншілігіне қатысады", - делінген хабарламада.

Басқарма жағдайды қатаң бақылауға алғанын жеткізді. 

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары