«Адасып жүрсіз»: Айман Талғатқызы Тұрсынбектің бұрынғы әйеліне қатысты пікірге жауап берді

/
«Адасып жүрсіз»: Айман Талғатқызы Тұрсынбектің бұрынғы әйеліне қатысты пікірге жауап берді
әлеуметтік желіден

 Танымал әзілкеш Тұрсынбек Қабатовтың екінші әйелі Айман Талғатқызы әлеуметтік желіде күйеуімен түскен суретін жариялады, деп хабарлайды turkystan.kz.

Желі қолданушыларының көптен күткен суретін Айман Талғатқызы жеке парақшасында жария етті.

"Психикасы тұрақты, өмірде не керек екенін анық білетін адамдар олар туралы өзгелер не ойлайды деп бас қатырмайды", - деп жазды Айман Талғатқызы.

Желі қолданушылары шоуменнің екінші әйелі жылы лебіздерін білдірді.

"Әдемі қыз. Шын ғашық болған ғой", "Ақырын-ақырын беті ашылып жатыр. Не болсада - бақытты болыңдар! Кімнің алдында не күтіп тұрғанын Алла біледі",  "Көре алмайтындар, іштерің күйсін", "Бақытты болыңыздар!", - деп жазды желі қолданушылары.

Сонымен қатар, оларға сын айтқандар да табылды.

"Маған Мөлдір ұнайды", "Тұрсынбек қартайыпты", "Жоқ дегенде бойжеткен қыздарын сыйласаңыз етті", - деді желі қолданушылары.

Оларға Айман Талғатқызының жауабы дайын болып шықты.

«Адасып жүрсіз! Ұнайтын жаққа өтіңіз», – деп жауап берді ол пікір иелерінің біріне.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары