«Емделді, ізденді»: Ләйлә Сұлтанқызы өзінің үлкен қуанышқа себепкер болғанын айтты

/
«Емделді, ізденді»: Ләйлә Сұлтанқызы өзінің үлкен қуанышқа себепкер болғанын айтты
Ләйлә Сұлтанқызының парақшасынан

Күні кеше танымал блогер Елдос Колобок ұлына арнап үлкен той берді, деп хабарлайды turkystan.kz.

Блогер он жылдай бала сүйе алмай, ұзақ емделген болатын. Оның сәбилі болуына көмектескендердің бірі – танымал тележүргізуші Ләйлә Сұлтанқызы. Елдос Аман Тасығанға берген сұхбатында Ләйлә Сұлтанқызының көмектескенін өзі де айтқан болатын. Блогердің кешегі тойына Ләйлә Сұлтанқызымен бірге осы іске ат салысқан екі дәрігер де келген екен.

«Дәрігерлер «бұл үлкен азаматты клетка кезінен білеміз» деп жатыр. Кеше Әлем Елдосұлымен таныстық. Осы уақытқа дейін күтті, әрекеттенді, ырымдар жасалды, талай-талай «жұғысты болсын» берілді, тілектің де түр-түрі айтылды, емделді, ізденді…  Адам-адамға себепші дейді ғой, осындай қуанышқа кішкене болсын себепкер қылған Аллаға сансыз шүкір! Кеше бұл үлкен әулет жарты миллион халықтың басын қосып, той берді. Салиқалы ұрпақтардың қатарынан, әлем азаматы болсын!  Алмаз дәрігер мен Азамат дәрігер арнайы келді. Қуантар отбасымыз еселене берсін», - деп жазды тележүргізуші.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары