Республикалық маңызы бар 21 автожол жабылды

/
Республикалық маңызы бар 21 автожол жабылды
istockphoto.com

Ауа-райының бұзылуына байланысты үш облыста жол жабылды, деп хабарлайды turkystan.kz.

«ҚазАвтоЖол» мәліметінше, 22 қаңтар сағат 09:00-де 3 облыстағы 21 республикалық маңызы бар автомобиль жолында дизель отынымен жүретін және қоғамдық көліктердің қозғалысына шектеу қойылған:

 Солтүстік Қазақстан облысы

 - барлық бағытта.

Ақмола облысы

- «Астана — Көкшетау — Петропавл — РФ шекарасы» автожолының 304-341 шақырым аралығы (Көкшетау қаласы — Солтүстік Қазақстан облысының шекарасы);

- «Көкшетау – Кішкенекөл – Бидайық – РФ шекарасы» автожолының 14-50 шақырым аралығы (Көкшетау қаласы — СҚО шекарасы);

- «Көкшетау — Рузаевка» автожолының 0-61 шақырым аралығы (Көкшетау қаласы — СҚО шекарасы);

- «Астана — Атбасар — Жақсы — Рузаевка — Сарыкөл — Қостанай — РФ шекарасы» автожолының 856-915 шақырым аралығы (Жақсы елді мекені — СҚО шекарасы);

- «Жезқазған — Арқалық — Петропавл» автожолының 595-552 шақырым аралығы (СҚО шекарасы — Сұрған елді мекені).

Қостанай облысы

- «Астана – Атбасар – Жақсы – Рузаевка – Сарыкөл – Қостанай» автожолының 683-729 шақырым аралығы (Сарыкөл ауылы – СҚО шекарасы);

- «Мамлютка – Қостанай» автожолының 180-250 шақырым аралығы (СҚО шекарасы – Ұзынкөл ауылы).

Қазіргі уақытта республикалық жолдарды күтіп-ұстауға 130 бірлік арнайы техника жұмылдырылды.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары