Олимпиада-2026: Биатлоннан жарысатын ұлттық құраманың тізімі анықталды

/
Олимпиада-2026: Биатлоннан жарысатын ұлттық құраманың тізімі анықталды
olympic.kz

Қазақстан биатлоншылар одағы жаттықтырушылар штабымен бірлесіп, алдағы Италияда өтетін қысқы Олимпиада ойындарында ел намысын қорғайтын спортшылардың тізімін ресми түрде бекітті, деп хабарлайды turkystan.kz.

Еске салайық, іріктеу кезеңінің қорытындысы бойынша ұлттық құрама төрт спортшыдан (екі ер, екі әйел) құралады.

Жаттықтырушылар кеңесінің шешімімен Владислав Киреев, Әсет Дүйсенов, Милана Генева және Айша Ракишева Олимпиадада Қазақстан атынан сынға түсетін болды.

Федерацияның баспасөз қызметінің хабарлауынша, бұл құрам - ұлттық құраманың тарихындағы ең жас командалардың бірі. Спортшылар орташа 24-25 жаста.

Қазіргі таңда құрама Чехияда оқу-жаттығу жиынына қатысуда және Әлем кубогының кезекті кезеңінде бақ сынайды. Бұл турнир Олимпиадаға дайындықтың соңғы кезеңі болмақ. Одан кейін олимпиадалық құрама Италияға оқу-жаттығу жиынына аттанады.

Айта кетейік, 2026 жылғы Олимпиада ойындарында биатлон жарыстары 8 ақпанда басталады.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары