Петропавлда оқушылар бүгін қашықтан оқиды

/
Петропавлда оқушылар бүгін қашықтан оқиды
istockphoto

Петропавлда ауа температурасы 28 градусқа дейін төмендейді. Осы себепті бірінші ауысымның 0-9 сынып оқушылары сабақты қашықтан оқиды.

Айта кетейік, Қазгидромет осыған дейін еліміздің 13 өңірінде ауа райына байланысты ескерту жасады.

Кәсіпорын таратқан деректерге қарағанда, Солтүстік Қазақстан облысының түнде батысында, солтүстігінде және шығысында қар жауып, боран болады. Ал күндіз облыстың батысында, оңтүстігінде және шығысында аздаған қар жауып, боран соғады. Облыстың батысында тұман түсуі де ықтимал.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары