Абай облысында рұқсатсыз қоқыс тасталған полигондар жойылды

/
Абай облысында рұқсатсыз қоқыс тасталған полигондар жойылды
istockphoto.com

Абай облысының мамандандырылған табиғат қорғау прокуратурасы Семей қаласының, сондай-ақ Бесқарағай, Бородулиха, Жаңасемей және Аягөз аудандарының аумақтарында рұқсатсыз қалдық тасталған 191 орынды анықтады, деп хабарлайды turkystan.kz.

Прокуратураның қадағалау актісі бойынша барлық рұқсатсыз қоқыс орындары жойылды.

Жіберілген заңбұзушылықтар үшін тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық бөлімдерінің басшылары, ауылдық округ әкімдері және Абай облысының табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасының қызметкерлері қатарынан лауазымды тұлғалар тәртіптік және әкімшілік жауаптылыққа тартылды.

Абай облысының мамандандырылған табиғат қорғау прокуратурасы аталған саладағы іс-шараларды жалғастырады.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары