ЖІӨ бойынша Орталық Азияда рекордтық көрсеткішке жеттік – Мемлекет басшысы

/
ЖІӨ бойынша Орталық Азияда рекордтық көрсеткішке жеттік – Мемлекет басшысы
istockphoto.com

Бүгін Қызылордада Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың төрағалығымен Ұлттық құрылтайдың V отырысы өтіп жатыр. Отырыста сөз сөйлеген Мемлекет басшысы еліміздің өткен жылды мол табыспен қорытындылағанын тілге тиек етті.

«Біз бір ел, бір халық болып жұмыла білгеннің арқасында өткен жылды мол табыспен аяқтадық.

Былтыр экономикамыз 6,5 пайызға өсті.

Еліміздің ішкі жалпы өнімі 300 миллиард доллардан асты, ал, жан басына шаққандағы үлесі Тәуелсіздік тарихында тұңғыш рет 15 мың доллар болды. Бұл – бүкіл Орталық Азия аймағы бойынша рекордтық көрсеткіш.

Ұлттық қордың валюталық активтері 5 миллиард долларға ұлғайды. Алтын-валюта қорымыз ең жоғары деңгейге жетіп, 65 миллиард доллардан асты.

Шағын және орта бизнестің экономикадағы үлесі 40 пайызға жақындады.

Халық саны 20,5 миллионға жуықтады.

Азаматтардың орташа өмір сүру ұзақтығы 75,4 жасқа жетті.

Ең бастысы, қоғам өзгерді, реформаларымыз тұрақты сипатқа ие болды, халықтың сана-сезімінде үлкен бетбұрыс жасалды», - деді Президент.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары