14 жастағы қазақстандық теннисші Дубайдағы турнирде чемпион атанды

/
14 жастағы қазақстандық теннисші Дубайдағы турнирде чемпион атанды
ҚТФ

БАӘ қаласы Дубайда жасөспірімдер арасында теннистен Ten-Pro Global Junior Tour турнирі мәресіне жетті, деп хабарлайды turkystan.kz.

Қазақстан теннис федерациясының баспасөз қызметінен мәлім еткеніндей, аталған жарысқа АҚШ, Жапония, Франция және басқа елдерден 42 жас спортшы қатысты.

Финалда 14 жастағы қазақстандық, Алматы теннис мектебінің түлегі Матвей Пономарев Мысыр өкілі Мохаммед Басарды 6:0, 6:2 есебімен ойсырата ұтты. Осылайша, Матвей Пономарев жарыста чемпионы атанды. Матвейдің басты мақсаты — әлемдік ITF Juniors рейтингісінде ТОП-100-ге ену. Сол жолда шеберлігін шыңдап, жарыстарға қатысып, рейтингілік ұпай қорын толықтыра бермек.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары