Ақтөбелік студенттер су астында қалған қымбат коттедждерді күзетуі мүмкін

Ақтөбелік студенттер су астында қалған қымбат коттедждерді күзетуі мүмкін

Ақтөбелік студенттер су астында қалған қымбат коттедждерді күзетуі мүмкін
ашық дереккөзі
248
Ақтөбе қалалық əкімдігінде су тасқыны кезінде зардап шеккендерге көмек көрсетуге арналған жиын өтті. Қала əкімінің орынбасары Лəззат Аманжолқызы мұқтаж отбасыларға арналған арнайы қордың ашылатындығын хабарлады. Сондай-ақ, жиында су астында қалған қымбат коттедждерді ұры-қарыдан қорғау жайы талқыланды. Бұл туралы NUR.KZ хабарлады. Порталдың хабарлауынша, көмек көрсету қоры арқылы мұқтаж жандарға жиналған қаржы арнайы комиссиямен бөлінетін болады. Жалғыз баспанасынан айырылып, шарасыз қалған халыққа көмектесу қажеттілігі туралы айтылған жиында су астында қалған қымбат коттедждер үшін де алаңдайтындар табылды. Ауқатты адамдардың зəулім сарайлары, жазда демалу үшін салынған коттедждерді ұрылардан қорғау үшін студенттерді көтеру керек дегендер болды. «Барлығы дұрыс. Қазір Кірпішті ауданындағы жақсы жағдайда салынған үйлер суға кетіп жатыр. Соларды біздер қорғауымыз керек. Жығылғанға жұдырық деген бар. Ертең сол үйлерді тонау басталады. Осыдан сақ болайық. Бəріміз жабылып, студенттерді көтеруіміз керек»,- деді өзін ІІД-нің ардагерлер кеңесінің төрағасымын деп таныстырған ақсақал. Əкімдікке жиналғандар б9л ұсыныстың дұрыс екенін айтып, қолдау көрсетті.

Серіктес жаңалықтары