Абай облысында алтынды заңсыз өндіргендер ұсталды

/
Абай облысында алтынды заңсыз өндіргендер ұсталды
istockphoto.com

Абай облысының мамандандырылған табиғат қорғау прокуратурасы Жарма ауданында жүргізілген рейд барысында тиісті рұқсатсыз алтын және басқа да пайдалы қазбаларды іздеумен айналысқан бес тұлғаны анықтады, деп хабарлайды turkystan.kz.

Құқықбұзушылардан заңсыз қызметте пайдаланылған металл іздегіштер тәркіленді.

Сот аталған тұлғаларды ӘҚБтК-нің 463-бабында көзделген әкімшілік құқықбұзушылық жасағаны үшін кінәлі дептанып, 41 286 теңге мөлшерінде айыппұл салу және жабдықтарды мемлекет кірісіне тәркілеу түріндегі жаза тағайындады.

Абай облысының мамандандырылған табиғат қорғау прокуратурасы пайдалы қазбаларды заңсыз өндіру әкімшілік және қылмыстық жауаптылыққа әкеп соғатынын еске салады.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары