Алматыда алаяқтықпен айналысқан шетелдіктер ұсталды

/
Алматыда алаяқтықпен айналысқан шетелдіктер ұсталды
istockphoto.com

Құқық қорғау органдары Алматыда шетелдік алаяқтық call-орталықтың заңсыз қызметінің жолын кесті, деп хабарлайды turkystan.kz.

Шетелдік азаматтар Қазақстан Республикасының азаматтарын тарта отырып, телефон арқылы алаяқтықтың құқыққа қарсы схемасын ұйымдастырғаны анықталды.

Қаскүнемдер SIP-нөмірлерді сатып алып, пайдаланған, олар арқылы ақша қаражатын ұрлау мақсатында азаматтарға мыңдаған алаяқтық қоңыраулар жасаған. 

Жүргізілген жедел-тергеу әрекеттерінің нәтижесінде call-орталықтың жұмыс істеуін қамтамасыз ететін серверлер анықталып, токтан/желіден ажыратылды. Заңсыз әрекеттер толығымен тоқтатылды. 

Қазіргі таңда сотқа дейінгі тергеп-тексеру жалғасуда.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары


Жаңалықтар