Ұлытау мен Қызылорда облысында жол жабылды

/
Ұлытау мен Қызылорда облысында жол жабылды
istockphoto.com

Екі облыста көлік қозғалысына шектеу қойылды, деп хабарлайды turkystan.kz.

2026 жылғы 15 қаңтар сағат 17:00-де ауа райының бұзылуына байланысты республикалық маңызы бар келесі автожолдарда барлық көлік түрлерінің қозғалысына шектеу енгізілді:

Ұлытау облысы

 - «Қызылорда – Жезқазған – Қарағанды – Шідерті» автожолының 216-424 шақырым аралығындағы учаскесі (Қызылорда облысының шекарасынан Жезқазған қаласына дейін).

Қызылорда облысы

 - «Қызылорда – Жезқазған – Қарағанды – Шідерті» автожолының 12-216 шақырым аралығындағы учаскесі (Қызылорда қаласынан Ұлытау облысының шекарасына дейін).

Жолды 2026 жылғы 16 қаңтар сағат 07:00-де ашу жоспарланған.

1403 байланыс орталығына хабарласып, тәулік бойы қосымша ақпарат алуға болады. 

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары