Ресейдегі зауытта екі қазақстандық көз жұмды

/
Ресейдегі зауытта екі қазақстандық көз жұмды
Фото: РФ тергеу комитеті

Ресейдің Вологда облысында орналасқан Череповец металлургия комбинатының (ЧерМК) өнеркәсіптік алаңында мердігер ұйымдарда жұмыс істеген екі қазақстандық көз жұмды, деп хабарлайды turkystan.kz. 

Мәліметке сәйкес, олардың денесі 14 қаңтар күні кәсіпорын аумағынан анықталған. Қазіргі таңда олардың өлім себептері анықталып жатыр.

Компанияның баспасөз қызметі оқиға орнына тиісті арнайы қызметтер жұмылдырылғанын мәлімдеді.

Қазір оқиға орнында арнайы қызметтер жұмыс істеп жатыр. Қызметкерлердің жақындарына және туыстарына қайғыра көңіл айтамыз, — деп хабарлады компания өкілдері ТАСС агенттігіне.

Сондай-ақ Вологда облысы бойынша Ресей Федерациясы Тергеу комитетінің басқармасы оқиға орнында жедел-тергеу тобы жұмыс істеп жатқанын растады.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары