Бірнеше облыста жол ашылды

/
Бірнеше облыста жол ашылды
istockphoto.com

Абай, Қарағанды облыстарында көлік қозғалысы ашылды, деп хабарлайды turkystan.kz.

Сағат 09:00-де келесі республикалық маңызы бар автожолдарда көліктің барлық түрлері үшін қозғалыс ашылады:

Абай облысы

- «ҚХР шекарасы – Майқапшағай – Зайсан айналма жолы – Қалбатау –Семей – Павлодар –РФ шекарасы» автожолының 583-733 шақырым аралығы (Павлодар облысының шекарасынан Семей қаласына дейін).

Қарағанды  облысы

- «Қызылорда – Жезқазған – Қарағанды – Шідерты» автожолының 1067-1135 шақырым аралығы (Молодёжный ауылынан Павлодар облысы шекарасына дейін);

- «Қалқаман – Баянауыл – Үміткер – Ботақара» автожолының 231-324 шақырым аралығы (Павлодар облысының шекарасынан Ботақара ауылына дейін).

1403 байланыс орталығына хабарласып, тәулік бойы қосымша ақпарат алуға болады.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары