«Қажылыққа жолдама сыйлаймын»: Ерекше баласы бар әйелді кемсіткен коуч кешірім сұрады (ВИДЕО)

/
«Қажылыққа жолдама сыйлаймын»: Ерекше баласы бар әйелді кемсіткен коуч кешірім сұрады (ВИДЕО)
Видеодан скриншот

Танымал коуч Бақытбай Сабырбеков көпшілік алдында кемсітілді деп есептелген ерекше баласы бар әйелден кешірім сұрады, деп хабарлайды turkystan.kz.

Ол қоғам тарапынан айтылған сынға жауап беріп, өзінің сөзі дұрыс түсіндірілмегенін мәлімдеді. Сонымен қатар аталған анаға екі адамға арналған Умра сапарын сыйға тартты.

«Кеше ерекше баласы бар анамен әңгімелестік. Балжан ханым, сізден барша халықтың алдында басымды иіп кешірім сұраймын. Ол әңгіме 30 минутқа созылды, ал көпшілікке тарағаны соның небәрі 3 минуты ғана. Балаңызбен немесе жолдасыңызбен қасиетті мекенге барып, дұға жасап қайтыңыз», – деді коуч.

Ал әйел бұл сапарды бұрыннан дұғасында тілеп жүргенін жеткізді.

«Баламды соңғы рет емдеткенде, қажылыққа екі рет барып келген бір адам “балаңды Қажылыққа апар, дұғалар қабыл болады” деген еді. Кеше сіздің бір адамға қажылық жолдамасын сыйлағаныңызды көріп, қатты толқыдым. Егіліп жылап, дұға еттім», – деді ол.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары