Қазақстанда алтын бағасы тарихи максимумға жетті

/
Қазақстанда алтын бағасы тарихи максимумға жетті
Фото: freepik.com

Қазақстанда алтынның ресми бағамы жаңа рекордтық көрсеткішке жетті. 1 грамм алтынның құны 75 200,37 теңге болды, деп хабарлайды turkystan.kz.

Бұл алдыңғы ең жоғары көрсеткіштен 0,53% жоғары және дәл бір жыл бұрынғы деңгейден 65,7% көп.

Айта кетейік, бұған дейін сарапшылар алтын бағамы өсуі мүмкін екенін мәлімдеген болатын. Қазіргі уақытта әлемдік нарықтардағы баға Investing.com деректері бойынша троя унциясы (31 грамм) үшін 4 599,11 доллар, бұл қазіргі бағаммен шамамен 2 346 228 теңге. Алайда болашақта оның құны 6 000 доллардан да асуы мүмкін.

Бағаның қарқынды өсуі алтынға қорғаныш активі ретінде сұраныстың артқанын көрсетеді. Әлемдік экономикалық тұрақсыздық, геосаяси тәуекелдер және ұлттық валюталардың әлсіреуі жағдайында инвесторлар капиталын бағалы металдарға жиі аудара бастады.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары