Үш облыста жол жабылды

/
Үш облыста жол жабылды
istockphoto.com

Павлодар, Қарағанды, Ақмола облыстарында көлік қозғалысына шектеу қойылды, деп хабарлайды turkystan.kz.

Бұл туралы «ҚазАвтоЖол» хабарлады.

2026 жылғы 12 қаңтар сағат 15:30-да ауа райының бұзылуына байланысты келесі республикалық маңызы бар автожолдарда көліктің барлық түрлерінің қозғалысына шектеу қойылады:

Павлодар облысы

- «Қызылорда – Жезқазған – Қарағанды – Шідерті» автожолының 1135-1206 шақырым аралығы (Қарағанды облысының шекарасы – Шідерті ауылы);

- «Қалқаман – Баянауыл – Үміткер – Ботақара» автожолының 0-231 шақырым аралығы (Қалқаман ауылы – Қарағанды облысының шекарасы);

- «Астана – Шідерті – Павлодар – Успенка – РФ шекарасы» автожолының 200-431 шақырымы аралығы (Ақмола облысы шекарасы – Атамекен ауылы).

Қарағанды облысы

- «Қызылорда – Жезқазған – Қарағанды – Шідерті» автожолының 1067-1135 шақырым аралығы (Молодежный ауылы – Павлодар облысының шекарасы);

 - «Қалқаман – Баянауыл – Үміткер – Ботақара» автожолының 231-324 шақырым аралығы (Павлодар облысының шекарасы – Ботақара ауылы).

Ақмола облысы

- «Астана – Шідерті – Павлодар – Успенка – РФ шекарасы» автожолының 16-200 шақырым аралығы (Астана қаласы – Павлодар облысының шекарасы).

Жолды 2026 жылғы 12 қаңтар сағат 20:00-де ашу жоспарланған.

1403 байланыс орталығына хабарласып, тәулік бойы қосымша ақпарат алуға болады.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары