Теннистен Қазақстан ерлер құрамасының көшбасшысы Александр Бублик ATP әлемдік рейтингіндегі орнын жақсартты, деп хабарлайды turkystan.kz.
Өткен демалыс күндері теннисші Гонконгтағы ірі турнирде жеңіске жетіп, үздік ондықтың қатарына енді. Рейтинг жаңартылғаннан кейін Бублик ондықтың оныншы сатысына көтерілді.
Ол ерлер арасындағы жекелей сында әлемдік рейтингте үздік ондықтың қатарына кірген алғашқы қазақстандық атанды.
Испания өкілі Карлос Алькарас көш бастап тұр. Одан кейін Италиядан Янник Синнер, ал үздік үштікті Германия өкілі Александр Зверев түйіндеді.